Теннис

Михаил Кукушкин Швейцариядағы турнирді сәтті бастады

Михаил Кукушкин Швейцариядағы турнирді сәтті бастады
ҚТФ

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Швейцарияның Лугано қаласында өтіп жатқан "Челленджер" сериясындағы турнирді сәтті бастады.

Алғашқы кездесуін Кукушкин тайбэйлік Ю Сю Сюйге қарсы өткізіп, бір сағаттан астам уақыт ойнады.Бұл кездесуде қазақстандық теннисші 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Енді Кукушкин ширек финалға шығу үшін ұлыбританиялық Билли Харриспен матч өткізеді.

Басқа спорттық жаңалықтар