Бокс

Бас бапкер Италиядағы лицензиялық турнирге қатысты пікір білдірді

Бас бапкер Италиядағы лицензиялық турнирге қатысты пікір білдірді
ҚБФ

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турниріне қатысты ойын айтты.

"Турнир өтетін жерге жайлы жеттік. Қызмет көрсетуі жақсы қонақүйге жайғастырды. Дайындық жақсы өтті, сондықтан біздің жігіттер лайықты бокс көрсетіп жатыр. Басты мақсат - көбірек лицензия жеңіп алу. Оңай қарсылас жоқ, сондықтан бар күшімізді салу керек. Қазір бәсекелестік жүріп жатқан бірнеше елдің құрамасы бар. Жалпылай команданың ұмтылысы жоғары деңгейде. Жігіттердің бәрі барын салып, елімізді қуантуға дайын", - дейді Айтжанов.

Басқа спорттық жаңалықтар