Кәсіби бокс

Қазақстандық "жас Головкиннің" айқасы қанды қасапқа айналды

Қазақстандық
Instagram.com/temiroov_/

Қазақстандық боксшы Виктор Темиров (6-0, 4 КО) Германияның Бад-Херсфельд қаласында өткен бокс кешіне қатысты.

Бірінші орта салмақта WBF European титулы үшін айқаста оның қарсыласы никарагуалық Робин Самора (21-33, 10 КО) болды. Бастапқыда

"Қасапшы" лақап атты қазақстандықтың қарсыласы венгриялық Оскар Фико (39-37-1, 20 КО) болу керек еді, бірақ ол жекпе-жекке шықпады. Он раундтық нағыз қанды айқасқа айналған кездесуде Темиров төрешілер шешімімен басым түсті.

Басқа спорттық жаңалықтар