Кәсіби бокс

Әлімханұлының міндетті қарслыасының айқасы белгіленді

Әлімханұлының міндетті қарслыасының айқасы белгіленді
Top Rank

Британиялық жеңіліп көрмеген боксшы Хамза Шираз (21-0, 17 КО) келесі жекпе-жегін 22 ақпан Эр-Риядта өткізеді.

Шираздың промоутері Фрэнк Уоренге сілтеме жасап отырған инсайдер Майкл Бенсоннің сөзінше, Хамза аты аталмаған әлем чемпионымен айқасады. WBO Ширазды қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына (16-0, 11 КО) міндетті қарсылас еткен болатын. Қазіргі таңда тараптар келіссөз үстінде, алайда британиялықтың промоутері неге қарсылас Жәнібек болады деп ашық айтпай отырғаны белгісіз.

"Фрэнк Уорреннің хабарлауынша, Хамза Шираз 22 ақпан Эр-Риядта Даниэль Дюбуаның кардында әлем чемпионы атағы үшін айқасады. Бірақ бұл жекпе-жек Жәнібек Әлімханұлы немесе басқа чемпионға қарсы ма, оны нақтыламады", - деп жазыпты Бенсон Х әлеуметтік желісінде.

Басқа спорттық жаңалықтар