Дзюдо

Ташкентте шеттелген Сметов кезекті Grand Slam-ға қатыспайды

Ташкентте шеттелген Сметов кезекті Grand Slam-ға қатыспайды
Olympic.kz

Наурыздың 22-24 күндері Грузия астанасы Тбилисиде дзюдодан кезекті әлемдік Grand Slam турнирі өтеді. Бұл жарысқа қатысатын Қазақстанның ерлер құрамы іріктелді. 

Қазақстан құрамасынан бұл жарысқа Ташкенттегі жарыста шеттелген Елдос Сметов бармайтынын айта кетейік.

Тбилисидегі Grand Slam-ға аттанатын құрам:

60 келі: Нұрқанат Серікбаев, Дәурен Сүйеукенов

66 келі: Есет Қуанов, Сұңғат Жұбатқан

73 келі: Асқар Нарқұлов, Бақытжан Әбдурахманов

81 келі: Мәди Амангелді

100 келі: Ислам Бозбаев

+100 келі: Ерасыл Қажыбаев, Ғалымжан Қырықбай

Айта кетсек, бұл сын жыл басынан бері Қазақстан ерлер құрамасы қатысқалы отырған бесінші жарыс. Осыған дейін қазақстандық дзюдошылар барлық жарыстан тек жалғыз қола жеңіп алды - 100 келіде Шархан Нұрлыхан.

Басқа спорттық жаңалықтар