Футбол

«Бавария» Чемпиондар лигасы ширек финалына өтті

 «Бавария» Чемпиондар лигасы ширек финалына өтті
Reuters

Футболдан UEFA Чемпиондар лигасының 1/8 финалының екінші матчінде «Бавария» италиялық «Лационы» 3:0 есебімен ұтты.

Мюнхендіктер сапынан Гарри Кейн 38 және 66-минутта дубль жасады, Томас Мюллер 47-минутта матч есебіне нүкте өойды.

Бірінші ойында италиялық клуб 1:0 есебімен басым болған еді еді. Дегенмен ұпай санының артықшылығы бойынша турнирдің келесі кезеңіне германиялытар өтіп отыр. 

Енді 7 наруызға қараған түні «Манчестер Сити» - «Копенгаген», «Реал Мадрид» - «Лейпциг» матчтері өтеді. Ал 12 наурызда «Арсенал» - «Порту», «Барселона» - «Наполи», 13 наурызда «Боруссия Дортмунд» - ПСВ және «Атлетико Мадрид» - «Интер» кездесулері өтеді.

Басқа спорттық жаңалықтар