Футбол

Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне тағы 4 команда өтті

Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне тағы 4 команда өтті
realmadrid.com

Футболдан Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің 4-тур ойындары аяқталды. Кеше "Манчестер Сити" мен "Лейпциг" жолдама алса, бүгін түнде бұл қатарға "Реал Мадрид", "Бавария", "Интер" және "Реал Сосьедад" командалары қосылды, деп хабарлайды Мassaget.kz. 


Мюнхеннің "Бавария" клубы 4-турда "Галатасарайды" 2:1 есебімен ұтты. Нәтижесінде "А" тобында 12 ұпаймен топтан ерте шықты. Мадридтің "Реал" клубы да "С" тобындағы төртінші ойында "Браганы" 3:0 есебімен ойсырата жеңіп, ұпайы екі тур алдын жолдамаға ие болды.


4-турда "Реал Сосьедад" және "Интер" командалары да жеңіске жетті. Олар да өз топтарында 10 ұпайдан жинап, уақытынан бұрын плей-оффқа шықты. Чемпиондар лигасының 5-тур ойындары 28-29 қараша күндері өтеді. Ал соңғы тур 12-13 желтоқсанға жоспарланған.


Түнде өткен ойындар нәтижесі:


"A" тобы


"Бавария" - "Галатасарай" - 2:1, гол соққандар: Харри Кейн, 80, 86 - Седрик Бакамбу, 90+3


"Копенгаген" - "Манчестер Юнайтед" - 4:3, гол соққандар: Эльюнусси, 45, Диогу Гонсалвеш, 45+9 (пен), Лукас Лерагер, 83, Руни Барджи, 87 - Расмус Хойлунд, 3, 28, Бруну Фернандеш, 69 (пен) Қызыл қағаз - Маркус Рэшфорд ("Манчестер Юнайтед"),


42 Турнир кестесі: "Бавария" - 12 ұпай, "Копенгаген" - 4, "Галатасарай" - 4, "Манчестер Юнайтед" - 3.


"B" тобы


"Арсенал" - "Севилья" - 2:0, гол соққандар: Леандро Троссард, 29, Букайо Сака, 64


ПСВ - "Ланс" - 1:0, гол соққан: Люк де Йонг, 12 Қызыл қағаз - Морган Гилавоги ("Севилья"), 90+2


Турнир кестесі: "Арсенал" - 9 ұпай, ПСВ - 5, "Ланс" - 5, "Севилья" - 2.


"C" тобы


"Реал" - "Брага" - 3:0 Гол соққандар: Браим Диас, 27, Винисиус Жуниор, 58, Родриго, 61


"Наполи" - "Унион Берлин" - 1:1 (видео), гол соққандар: Маттео Политано, 39 - Датро Фофана, 52 Турнир кестесі: "Реал" - 12 ұпай, "Наполи" - 7, "Брага" - 3, "Унион Берлин" - 1. 


"D" тобы


"Зальцбург" - "Интер" - 0:1 Гол соққан: Лаутаро Мартинес, 85 (пен) "Реал Сосьедад" - "Бенфика" - 3:1, гол соққан: Микель Мерино, 6, Микель Оярсабаль, 11, Андер Барренечеа, 21 - Рафаэл Силва, 49


Турнир кестесі: "Реал Сосьедад" - 10 ұпай, "Интер" - 10, "Зальцбург" - 3, "Бенфика" - 0.


Басқа спорттық жаңалықтар