Теннис
Қазақстандық теннисші Хельсинкидегі турнирдің екінші айналымына өтті

olympic.kz
Әлемдік рейтингте 239-орында тұрған қазақстандық теннисші Денис Евсеев Финляндия астанасы Хельсинкиде өтіп жатқан челленджер турнирінің екінші айналымына өтті.
Негізгі жарыстың бірінші айналымында Евсеев әлемнің 148-ракеткасы саналатын финляндиялық Отто Виртаненмен ойнап, 7:5, 6:3 есебімен басым түсті.
Бір жарым сағаттай өткен матчте Евсеев 1 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Қарсыласы 6 эйс, 1 брейкпен (4 брейк-пойнт) жасады.
Енді Евсеев ширек финалға шығу үшін әлемдік рейтингте 211-ші тұрған италиялық Стефано Травальямен таласады.