Мәнерлеп сырғанау

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы жарыста ерекше жаттығу жасады

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы жарыста ерекше жаттығу жасады
ҚР ҰОК

Францияның Анже қаласында мәнерлеп сырғанаудан Гран-при турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ұлттық құрама көшбасшысы Михаил Шайдоров бүгін еркін бағдарламадан кейін 231,86 балл жинап, 4-сатыға тұрақтады. Кеше қысқа бағдарламадан кейін отандасымыз 79,89 ұпаймен 6-орыннан көрінген. Бұл жарыста Михаил 3 аксель+4 тулуп айналымын орындаған алғашқы спортшы атанды.

Айта кетейік, Анжеде барлығы 16 мемлекеттен таңдаулы 60 спортшы сынға түсті. Биыл Еуропа чемпионы атанған француз Адам Сяо Хим Фа жеңіске жетті (246,58 балл). Күміс Коширо Шимадаға (Жапония), қола медаль Андрю Торгашевке бұйырды.

Басқа спорттық жаңалықтар