ХК "Барыс"
«Барыс» ҚХЛ-де ресейлік командадан буллитте басм түсті

"Барыс" ХК
Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, 3 қарашада Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасына қарсы өткізді.
Бұшл матчте ресейлік клуб есеп ашты, 18-минутта Вячеслав Пещенко гол соқты. 27-минутта Кирилл Савицкий есепті теңеді. Негізгі кезең 1:1 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты.
Овертаймда жеңімпаз анықталған жоқ. Ал буллиттен «Барыстың» жолы болды.
Осылайша, астаналық клуб қарсыласын буллитен 2:1 есебімен жеңіп, турнир кестесінде бір сатыға көтерілді - 22-орын.