Бокс

Италиядағы лицензиялық турнирде бүгін рингке үш қазақстандық бкосшы шығады

Италиядағы лицензиялық турнирде бүгін рингке үш қазақстандық бкосшы шығады
instagram.com/boxingkazakhstan

Бүгін Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарына іріктеу турнирі жалғасады. Қазақстан құрамасы сапында үш боксшымыз шаршы алаңға шығады. 

Ерлер арасында 63,5 келіде Мұхамедсабыр Базарбайұлы Тринидад және Тобагодан келген Доннел Филлиппен қолғап түйістіреді. 80 келіде Асыланбек Шымбергенов болса фин елінен келген Сэм Мороватимен шаршы алаңға шығып, өзара мықтыны анықтайды. 

Қыздар арасында Римма Волосенко Мажарстаннан келген Петр Сзабомен жұдырықтасады. Бұл қазақстандық боксшы қыздың жарыстағы екінші жекпе-жегі болмақ. 

Айта кетсек, бұдан бұрын ел құрамасынан Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмұд Сабырхан (57 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі) мен Римма Волосенко қарсыластарын жеңіп, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Бусто-Арсициодағы лицензиялық турнир 11 наурызға дейін жалғасады. Жарыста ерлер арасында – 28, әйелдер арасында 21 жолдама сарапқа салынады. 


Басқа спорттық жаңалықтар