Қазазқстан су спортынан АЧ-де екі алтын жеңіп алды
Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан XI Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы тағы екі алтын жеңіп алды.
Бір алтынды синхрон жүзуден 15-19 жастағы спортшылардың еркін бағдарлама сайысында Карина Магрупова жеңіп алса, екіншісін осы сайыс түрінен 13-15 жас аралығындағы қыздар арасынан еркін бағдарламада Даяна Джаманчалова иеленді.
Жарыс қорытындысы: Синхрон жүзу. Қыздар. Жекелей сайыс, еркін бағдарлама, 15-19 жас
1-орын - Қазақстан - Карина Магрупова - 404.0525 ұпай
2-орын – Таиланд - Патрави Чаяварарак - 330.9342
3-орын – Өзбекстан - Зиёдахон Тошхуджаева - 328.1150
Синхрон жүзу. Қыздар. Жекелей сайыс, еркін бағдарлама, 13-15 жас
1-орын - Қазақстан - Даяна Джаманчалова - 233.5386 ұпай
2-орын – Қытай - Я Дай - 233.1047
3-орын – Өзбекстан - Сабина Махмудова - 200.5405