Футбол

«Тұран» қатарына Тунис құрамасының ойыншысын қосты

«Тұран» қатарына Тунис құрамасының ойыншысын қосты
Фейсбук желісінен

Тунис құрамасының жартылай қорғаушысы Феди Бен Чоуг түркістандық «Тұран» сапына қосылды. 

Неігізі Франция астанасында дүниеге келген 28 жастағы футболшы карьерасын «Париж» және «Обервилье» әуесқой командаларында бастаған. Одан кейін жартылай қорғаушы 2015 жылы Туниске кетіп, карьерасын жергілікті «КС Скафсиен», «Стад Тунис», «Бизертен», «Эсперанс де Тунис» сияқты командаларда жалғастырды.

Бен Чоугтың кейінгі клубы Марокконың «Хассания Агадир» командасы.

Басқа спорттық жаңалықтар