Гимнастика

Қазақстандық гимнаст Эстноиядағы халықаралық турнирде екі жүлде жеңіп алды

Қазақстандық гимнаст Эстноиядағы халықаралық турнирде екі жүлде жеңіп алды
Ұлттық олимпиадалық комитет

Эстонияның Тарту қаласында көркем гимнастикадан дәстүрлі «Мисс Валентайн» Гран-приі өтті, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

30 мемлекеттен таңдаулы 33 спортшы қатысқан биылғы жарыста қазақстандық Айбота Ертайқызы екі жүлде жеңіп алды. Ұлттық құрама өкілі доппен өнер көрсетуде күміс жүлдегер атанса (32.700 балл), шығыршық жаттығуында қолаға (32.550 ұпай) ие болды. Сондай-ақ, Айбота ұршық және лентамен өнер көрсетуде финалға шығып, 4-сатыға тұрақтады.

Айта кетейік, «Мисс Валентайн» турнирі 1995 жылдан бері тұрақты өтеді. 2020 жылдан бастап бұл жарыс көркем гимнастикадан халықаралық Гран-при сериясына қосылған.

Басқа спорттық жаңалықтар