Жүзу

Синхрон жүзуден қазақстандық бұрымдылар Азия чемпионы атанды

Синхрон жүзуден қазақстандық бұрымдылар Азия чемпионы атанды
Спортты дамыту дирекциясы

Филиппин елінің Нью-Кларк-Сити қаласында өтіп жатқан су спорты түрлерінен Азия чемпионатында синхрон жүзуден Қазақстан құрамасы (13-15 жас) аралас топтық сайыста чемпион атанды.

Ел құрамасы сапында Милана Ашаханова, Карина Доценко, Сания Гибадуллина, Анжелина Горюшина, София Ищенко, Даяна Жаманшалова, Альбина Өмірсерікова, Варвара Снегирёва, Аяулым Жақпаева, Перизат Багаева өнер көрсетті. Қазақстандық спортшылар 204.6708 ұпай жинап, жеңіс тұғырына көтерілді.

Синхрон жүзу. Қыздар. Аралас топтық сайыс

1.Қазақстан - 204.6708 ұпай

2. Өзбекстан - 183.5552

3. Таиланд - 124.9374

Басқа спорттық жаңалықтар