Теннис

Қазақстандық Бублик ATP рейтингінде алғаш рет топ-20 тізімге кірді

Қазақстандық Бублик ATP рейтингінде алғаш рет топ-20 тізімге кірді
olympic.kz

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған рейтингіні жария етті. 

Өткен аптада Дубай АТР 500 турнирінің финалына дейін жеткен Қазақстанның көшбасшы теннисшісі Александр Бублик рейтингіде 23-тен 20-ға көтерілді. Бұл оның спорттық жолындағы ең үздік, рекордтық көрсеткіші.

Тағы бір қазақстандық Александр Шевченко 47-ден 51-ге сырғыса, Тенерифе (Испания) челленджер жарысының жеңімпазы атанған Михаил Кукушкин 165-тен 140-қа жоғарылады.

Денис Евсеев 179-дан 180-ге, Бейбіт Жұқаев 190-нан 191-ге түсіп қалды. Есесіне Аргентинадағы Тукуман ITF додасының финалына өткен Дмитрий Попко 309-дан 276-ға, Тимофей Скатов 272-ден 269-ға шықты.

Попко бүгін финалда бразилиялық Педро Сакамотомен ойнайды.

Жұптық сында Александр Недовесов 49-дан 45-ке көтерілсе, Андрей Голубев 70-тен 71-ге төмендеді.

Басқа спорттық жаңалықтар