Кәсіби бокс

Головкин әлемде Қазақстан беделін арттыруға уәде берді

Головкин әлемде Қазақстан беделін арттыруға уәде берді
olympic.kz

Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

"Ең алдымен маған сенім артып, қолдау көрсеткен Мемлекет басшысына алғыс айтамын. Бүгінгі кездесу барысында ҰОК қызметіндегі маңызды сәттерді, атап айтар болсақ, жаңа олимпиадалық циклге қатысты мәселелерді талқыладық", - деп жазды ол.

Головкин сонымен бірге комитет алдында тұрған барлық міндетті жақсы түсінетінін, бұған қатысты өзіндік көзқарасы, жүзеге асыратын жоспарлары бар екенін де жазды.

"Өзімнің және командамның атынан еліміздің әлемдік аренадағы беделін нығайтып, халықаралық спорттық ұйымдармен ара-қатынасты жақсартып, Президент сенімін ақтау үшін бар күшімізді салатынымызды айтқым келеді", - деді ол. 

Басқа спорттық жаңалықтар