Қазақстандық 7 жас боксшы ӘЧ финалына өтті
Бокстан Будвада (Черногория) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында 7 боксшымыз финалға шықты.
Жартылай финалға дейін 17 боксшымыз жеткен. Финалға берілер жолдамаға 7-еуі ғана ие болды. 10 боксшы қарсыластарына жол беріп, әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Финалға жолдама алғандар:
51 келі. Бексұлтан Боранбек - Джастин Морено (Колумбия)
- 67 келі. Төрехан Сабырхан - Д.Эспиноса Сантоя (Куба)
- 71 келі. Өнер Сейілхан - Алексей Гуков (Ресей)
- 75 келі. Санжарәлі Бегалиев - Д.Шахбозов (Өзбекстан)
- 50 келі. Елянур Турганова - К.Пики (IBA бейтарап)
- 66 келі. Ұлдана Таубай - К.Дойли Бирн (Ирландия)
- 81 келі. Аружан Зейноллаева - Р.Парпиева (Өзбекстан).
Жастар арасындағы Әлем чемпионатының финалы 2-3 қараша күндері өтеді.