Теннис
Аружан Сағындықова Мысырдағы турнирдің ширек финалына өтті
ITF
Қазақстандық теннисші, 19 жастағы Аружан Сағындықова Шарм-эль-Шейх (Мысыр) ITF W15 турнирінің ширек финалына жолдама алды.
Дүниежүзілік рейтингіде 1 040-орында тұрған қазақстандық теннисші бастапқы кездесуінде әлемнің 656-ыншы, осы жарыстың 5-ракеткасы, ресейлік Алиса Кюммельдің меселін қайырды.
Екі сағат 12 минутқа созылған тартысты матчта Аружан камбэк жасап, қарсыласын 1:6, 6:2, 6:4 есебімен жеңді.
Бүгін Сағындықова германиялық Ясмин Вагнерді ұтты - 6:3, 6:3. Бұл кездесу бір сағат 38 минутқа созылды.
Енді Сағындықова жартылай финалға шығу үшін оңтүстіккореялық Эюнхай Лимен таласады.