Еркін күрес

Дәулет Ергеш ӘЧ-де жұбаныш белдесуден айырылды

Дәулет Ергеш ӘЧ-де жұбаныш белдесуден айырылды
ҚР ҰОК

Қазақстанның еркін күрес құрамасының спортшысы Дәулет Ергеш Албанияның Тирана қаласында өткен әлем чемпионатында олимпиадалық емес салмақ дәрежесі бойынша жұбаныш раундында жеңіліс тапты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ол 79 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жапониялық Кота Такахашиден айқын басымдықпен ұтылды. Дей тұрғанмен Ергеш жеңіске жақын болған еді. Балуан 9:0 есебімен басымдықты ұстап, жеңіске бар болғаны бір ұпай жетпей тұрған. Алайда қарсыласы есепті теңестіріп, соңында жеңіске жетті. Кездесу Такахашидің айқын басымдығымен 21:10 есебімен мерзімінен бұрын аяқталды.

Айта кетсек, 31 қазан күні финалдық кезеңде 70 кг дейінгі салмақта Нұрқожа Қайпанов алтын медаль үшін күреседі.

Басқа спорттық жаңалықтар