Жүзу
Жүзуден әлем чемпионатында Қазақстан рекорды жаңартылды
Сингапурда суда жүзуден 2024 жылғы әлем чемпионатының үшінші кезеңі басталды. Жүзуден әлем кубогы жарысы 25 метрлік бассейнде өтеді және жеңімпаздар командалардың барлық үш кезеңдегі көрсеткіштеріне қарай анықталады, деп хабарлады Су спорты федерациясы.
Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы Сингапурде тоғыз спортшымен 28 спорт түрінен өнер көрсетеді. Жарыстың бірінші күнінде Жамбыл облысының өкілі Балабек Ғалымжан 400 метрге еркін жүзуде қашықтықты 3 минут 47,52 секундта бағындырып, соңғы 10-орынға ие болып, Қазақстан Республикасының рекордын жаңартты.
Аделаида Пчелинцева 100 метрге брасс әдісімен жүзуден медальдар үшін сынға түсті. Қазақстандық 1:07:74 нәтиже көрсетіп, Қазақстан Республикасының рекордын жаңартты.