Футбол

«Ақсу» биыл маусымда ҚПЛ-де ойнамайтын болды

«Ақсу» биыл маусымда ҚПЛ-де ойнамайтын болды
instagram.com/fcaqsu

Павлодар облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы «Ақсудың» премьер-лигада ойнай алмайтынын хабарлады.

Биыл ақпанда «Мақтаарал» командасы футбол клубтарын лицензиялау бойынша ереже талаптарын орындамағаны үшін жоғары чемпионаттан шеттетіліп, орнына «Ақсу» шақыртылған еді. Алайда енді павлодарлық клуб та қаржылық қиындықтарға байланысты ҚПЛ-де өнер көрсете алмайды және бірінші лигада қалатын болды. 

«Клуб басшылығы 2023 жылғы маусым үшін ойыншылардың еңбекақысын толық жауып үлгермеген әрі өзге де қаржылық қиындықтары бар. Соған сәйкес, 2024 жылғы Премьер-лигаға қатыса алмайды», - деп мәлімдеді өңірлік спорт басқармасынан.

Басқа спорттық жаңалықтар