Футбол

Бүгін футболдан Қазақстан чемпионатының жаңа маусымы басталды

Бүгін футболдан Қазақстан чемпионатының жаңа маусымы басталды
"Астана" ФК

Бүгін футболдан премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының жаңа маусымы басталды. Алғашқы тур 1 және 2 наурыз күндеріне белгіленген.

Маусымның алғашқы ойыны бүгін, 1 наурыз 14.30-да елордалық «Астана» мен «Жеңіс» командалары бастайды.

Ал 17.00-де «Қайсар» (Қызылорда) мен «Ақтөбе» жасыл алаңға шығады.

2 наурызда «Қайрат» (Алматы) пен «Қызылжар» (Петропавл), «Елімай» (Семей) мен «Атырау», «Ордабасы» (Шымкент) мен «Шахтер» (Қарағанды), «Тобыл» (Қостанай) мен «Тұран» (Түркістан) шеберлік байқасады.

Ойындарды «Qazsport», «Qsport» және жаңа «Qfootball» телеарналары тікелей эфирде ұсынады.

Басқа спорттық жаңалықтар