Кәсіби бокс

Юбенк Әлімханұылының орнына Головкиннің экс қарсыласымен жұдырықтаспақ

Юбенк Әлімханұылының орнына Головкиннің экс қарсыласымен жұдырықтаспақ
Sports.kz

Wasserman Boxing компаниясының промоутері Калле Зауэрланд өзі ісін жүргізетін Крис Юбенкке (33-3, 24 КО) жекпе-жек ұйымдастуры үшін орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) және британиялық Келл Брукпен (40-3, 28 КО) келіссөз өткізіп жатқанын айтады.

"Екі кездесудің де ұтымды тұстары бар. Брукпен айқас Ұлыбритания үшін дүркіреген бокс кеші болады, ал Жәнібекпен жекпе-жек әлем чемпионы титулдарын иеленуге мүмкіндік береді. Бұл АҚШ-та жақсы кеш болатын еді. Әлімханұлы ESPN-де өнер көрсетеді, алайда онда танымал емес. Сондықтан бұл туралы әзірше жар салмай-ақ қояйық. Меніңше, мұра қалдыру жағынан Брукпен жекпе-жек артық болатыны анық. Бірақ бәрі Юбенк қандай ойда екеніне байланысты", - дейді промоутер Seconds Out-қа берген сұхбатында.

Басқа спорттық жаңалықтар