Еркін күрес

Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Мәдениет және спорт министрлігі

Қазақстандық Жәмила Бақбергенова Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды.

72 келіге дейінгі салмақтың финалында Жәмила жапон палуаны Ами Ишимен күш сынасып, аса тартысты белдесуде ұтылып қалды. Есеп: 6-10.

Бұл - 28 жастағы бозкілем шеберінің ересектер арасындағы әлем чемпионатындағы төртінші жүлдесі. Жәмила - 2021 жылы Ослода, 2022 жылы Белградта күміс жүлдегер атанған. Ал былтыр Сербия астанасында үздік үштікті түйіндеген.

Айта кетейік, Бақбергенова кеше Тирана төрінде молдовалық, содан соң чех және моңғолиялық қарсыласпен күш сынасып, жеңіске жеткен.

Басқа спорттық жаңалықтар