Футбол

"Реал" мен Мабппе екі жақты келісімге қол қойды

Reuters

Мадридтік "Реал" мен франциялық "Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Килиан Мбаппе екі жақты келісімшартқа қол қойды, деп жазады Relevo.

Мәлімет бойынша, енді мадридтік клубқа келісімді ресми түрде рәсімдеу ғана қалды. Мбаппенің анасы және агенті Файза Ламари Мадридке барып, ұлының "Реал" сапына өтуіне қатысты мән-жайды талқылапты. Атап айтқанда, Ламари Мбаппені Мадридке көшуге дайындау үшін қалаға футболшының айналасындағы бірнеше адаммен бірге барған екен.

Мұның алдында Мбаппе мен "Реал" бес жылдық келісімшарт туралы бітімге келгені хабарланған. Шабуылшының испаниялық клубтағы еңбекақысы жылына 15-тен 20 миллион еуроға дейін барады. Келісімшарт 2024 жылдың 1 шілдесінде күшіне енетін көрінеді.

Басқа спорттық жаңалықтар