ММА

Умар Нурмагомедов Безат Алмаханмен жекпе-жекке қатысты ойын айтты

Умар Нурмагомедов Безат Алмаханмен жекпе-жекке қатысты ойын айтты
UFC Russia

Өте жеңіл салмақтағы UFC файтері Умар Нурмагомедов (16-0) қазақстандық Бекзат Алмаханмен (17-1) болатын алдағы жекпе-жекке қатысты ойын айтты.

Нурмагомедов қазақ файтермен айқас оңай болады деп отырған жоқ екен.

"Бұл жекпе-жек мен үшін оп-оңай болады деп ойламаймын және мен оған бей-жай дайындалған жоқпын. Мен бар күшімді салып жаттықтым. Титулға айқасатындай дайындалдым. Мен ұйықтап жүрген жоқпын. Менің қарсыласым үшін бұл үлкен мүмкіндік. Ол да қазір жақсылап тер төгіп дайындалып жатқан шығар. Сенбіде көреміз", - дейді Уамар баспасөз мәслихаты кезінде.

Басқа спорттық жаңалықтар