Стенд ату
Дохадағы Гран-приде қазақстандық мергендер үш жүлде жеңіп алды
olympic.kz
Катар астанасы Дохада стенд атудан өтіп жатқан "Әмір гран-приінде" қазақстандық спортшылар үш жүлде иеленді.
Әйелдер арасындағы «трап» бойынша жарыста Мария Дмитриенко екінші болып, күміс жеңіп алды.
Ал жасөспірімдер арасындағы жарыста Никита Моисеев пен Анита Нұрланова осы "трап" сынында жеке-жеке қола жүлдеден иеленді.
22 ақпанда басталған жарыстың 1 наурызға дейін жалғасады. Бұл турнирге әлемнің 30 елінен үш жүзге тарта мергендері қатысып жатыр.