Теннис

Александр Бублик Дубайдағы турнирдің ширек финалына жетті

Александр Бублик Дубайдағы турнирдің ширек финалына жетті
ҚТФ

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Дубайдағы турнирдің ширек финалына өтті, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясы.

БАӘ-де өтіп жатқан ATP 500 санатындағы турнирдің екінші кезеңінде әлемнің 23-ші ракеткасы Александр Бублик Нидерланд өкілі Таллон Грикспурды (АТР рейтингінде 28-орын) жеңді. Кездесу 7:6 (10:8), 7:6 (7:2) есебімен аяқталды.

Матч 1 сағат 49 минутқа созылды. Бублик 22 эйспен көзге түсті, үш қос қателік жасады және брейк-пойнттың біреуін пайдалана білді.

Келесі айналымда қазақстандық Иржи Легечкамен (Чехия) шеберлік байқасады.

Басқа спорттық жаңалықтар