Кәсіби бокс

Сарапшы Сұлтан Зауырбектің айқасы нокаутпен бітетінін болжады

Сарапшы Сұлтан Зауырбектің айқасы нокаутпен бітетінін болжады
instagram.com

Британиялық бокс шолуышысы Бен Смит екінші жартылай жеңіл салмақтағы қазақстандық Сұлтан Зауырбек (16-0,12 КО) пен колумбиялық Виктор Хулио (17-10, 9 КО) арасындағы жекпе-жекке болжамын айтты.

27 жастағы Сұлтан 1 наурыз Ұлыбританияның Телфорд қаласындағы Telford International Centre аренасындағы бокс кешіне қатысады. О баста инсайдерлер қазақстандық боксшының қарсыласы британиялық Алекс Дилмагани (20-2-1,7 КО) болатынын айтқан. Алайда матчмейкерлер аргентиналық Карлос Даниэль Кордобаны (16-11, 4 КО) таңдапты. Ал жекпе-жектен үш күн бұрын ғана аргентиналық жарақат алып қалып, оның орнын Хулио басты.

"Өте күрделі жағдай. Мұндай болып тұрады. Бастысы қарсылас табылды әйтеу. Бұл жерде Сұлтанның дайындығы бекер болмағандығы маңызды. Ол рингке шығады да, өз ісін жасайды. Біз тамаша бокс тамашалаймыз деген ойдамын. Тіпті ауыр нокаут көретін шығармыз", - дейді Смит.

Басқа спорттық жаңалықтар