Футбол

ФИФА "Қайсардан" трансферлік шектеуді алып тастады

ФИФА
"Қайсар" ФК

Қызылордалық "Қайсар" футбол клубына былтыр маусым айында ФИФА салған трансферлік бан алынды, деп хабарлайды команданың баспаөсз қызметі. 

“Қайсардан” трансферлік шектеу алынып тасталды. Фифаның дауларды қарау палатасы ресми түрде “Қайсар” футбол клубына қойылған трансферлік шектеуді алып тастағанын хабарлаймыз! Енді қасқырлар жаңа ойыншыларын ресми түрде команда қатарына тіркей алады", - делінген клуб хабарламасында. 

Еске салайық, маусым айының соңында Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) "Қайсарды" бұрынғы ойыншысы Алексей Шумскихке 36 миллион теңге төлеуге міндеттеп, клубқа трансферлік бан қойған болатын. 

32 жастағы Шумских "Қайсарда" 2020 жылы болып, чемпионатта бір ғана ойынға шыққан еді.

Басқа спорттық жаңалықтар