Кәсіби бокс
Жанқош Тұраровқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
instagram.com/zhankoshturarov
Алматының полиция департаментінде боксшы Жанқош Тұраровқа қатысты іс бойынша түсінік берді.
1996 жылы туған қыз биыл 21 тамызда Алматының Әуезов аудандық полициясына өзін зорлағаны туралы шағым түсірді. Полиция қылмыстық іс ашқан болатын.
"Іс бойынша сот-медициналық және сот-биологиялық сараптама жасалды, оның қорытындысы бойынша зорлау дерегі расталмады.
20 қазанда Қазақастан Республикасы Қылмыстық-процессуалды кодексінің 35-бабының 1-бөлігінің 2-тармағы негізінде сотқа дейінгі тергеуді тоқтату туралы соңғы шешім шықты.
Бұл шешіммен Әуезов аудандық прокуратурасы келісті", - делінген полиция хабарламасында.