Футбол

Мессидің Instagram-на жазылушылар саны саны жарты миллиардқа жетті

Мессидің Instagram-на жазылушылар саны саны жарты миллиардқа жетті
"Интер Майами" ФК

Аргентиналық футболшы Лионель Мессидің Instagram әлеуметтік желісіндегі оқырмандар саны 500 миллионға жетті. Оның "Интер Майами" командасына ауысуы АҚШ-ғы танымалдылығын арттырып қана қоймай, жаңа коммерциялық мүмкіндіктеріне де жол ашты. 

Месси әлемдегі танымал тұлғалардың бірі. Оның MLS командасына қосылуы, осы лигаға қызығушылардың да санын арттырды. 

"Аргентиналық футболшы біздің лигамызды жаңа деңгейге көтерді, қарқын қосты. Оның келуі арқылы лигадағы жұмыстар жанданып шыға келді", - деген еді жуырда ғана MLS комиссары Дон Гарбер. 

Мессидің парақшасына жазылғандардың 72%-ы ерлер және 85% оқырмандарының жасы 34-тен төмен. Бір қызығы ең көп оқырмандар саны Бразилия елінен (12%) екен. Одан кейінгі орындарға Үндістан (8,1%), Аргентина (6,5%) және АҚШ (6,2%) елдерінің тұрғындары жайғасқан. 

Футболдағы бәсеке секілді, Instagram желісінде де Месси мен Роналду бәсекелес. Дегенмен мұнда португалдық футболшының оқырмандар саны көп. Қазіргі таңда Роналдудың ресми парақшасына жазылған оқырмандар саны 662 миллионға жеткен. Бұл Instagram-ның өзінің ресми парақшасынан 7 миллионға аз. 

Роналду бұл әлеуметтік желіде жарты миллиард оқырман жинаған алғашқы адам. Месси екінші болып бұл межені бағындырды. 

Басқа спорттық жаңалықтар