Қазақстандық өрт сөндіруші пауэрлифтингіден әлем чемпионы атанды
Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіруші Ерсейіт Бралин пауэрлифтингіден әлем чемпионатына қатыып, 100 келіде чемпион атанды, деп хабарлайды Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы.
Ерсейіт Бралин Құрманғазы ауданындағы №7 өрт сөндіру бөлімінде жұмыс істейді.
«Пауэрлифтингіден әлем чемпионаты 25-27 қазан аралығында Қырғыз Республикасының астанасы – Бішкек қаласында өтті. Аталған бәсекеге 10-нан астам мемлекеттен келген 800-ден астам спортшы қатысты. Бұл сында Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментіне қарасты №7 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Ерсейіт Бралин бақ сынап, 100 келі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанды», - деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.