Еркін күрес

Қазақстандық балуан қыз ӘЧ алтынына таласады

Қазақстандық балуан қыз ӘЧ алтынына таласады
Instagram/zhamila.bakbergenova

Күрес түрлерінен Олимпиадаға енбеген салмақ дәрежелері бойынша өтіп жатқан әлем чемпионатында Жәмила Бақбергенова финалға шықты.

72 келіге дейінгі салмақтағы жартылай финалда Жәмила моңғол қызы Болортунгалаг Зоригттен айласын асырды. Бірінші кезеңде 6:3 есебімен жеңіп шықса, белдесуді 8:6 есебімен аяқтады.

Финалда Жәмила Бақбергенова жапон қызы Ами Ишимен белдеседі. Бұл белдесу ертең сағат 22:00-де басталады. Айта кетейік, бүгін боз кілемге шыққан Зульфия Яхьярова (55 келі), Диана Каюмова (59 келі) мен Ирина Казюлина (65 келі) 1/8 финалдағы белдесулерінде жеңіліп қалды.

Басқа спорттық жаңалықтар