Су спорты

Қазақстандықтар су спортынан АЧ-нің бір күнінде 8 алтын жеңіп алды

Қазақстандықтар су спортынан АЧ-нің бір күнінде 8 алтын жеңіп алды
Иллюстрациялық сурет

Су спорты түрлерінен Филиппин елінің Нью-Кларк-Сити қаласында өтіп жатқан XI Азия чемпионатының екінші жарыс күні ел қоржынына 10 медаль түсті.

Нақтырақ айтсақ, 8 алтын, 2 күміс медаль жеңіп алды. Сары құрлықтың басты бәсекесінде 3 жас ерекшелігі бойынша жүлделер сарапқа салынуда:

А тобы (18 жастан және жоғары), В тобы (15-17 жас) және С тобы (14 жас және кіші). Жарысқа 45 мемлекеттен 12-18 жас аралығындағы жас спортшылар мен ересектер қатысып жатыр.

Қазақстан құрамасы жарыстың алғашқы күні 11 медаль жеңіп алған еді. Екінші күнмен қоса алғанда қоржынымызда 21 медаль (11 алтын, 6 күміс, 4 қола) бар. Екінші күнгі жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

Жүзу, А тобы:

Әділбек Мусин - 100 м баттерфляй - алтын

Аделаида Пчелинцева - 50 м брасс - алтын

Софья Сподаренко - 100 м баттерфляй - алтын

Диана Тасжанова - 1500 м еркін әдіс - күміс

Жүзу, В тобы:

Арсен Қожахметов - 50 м брасс - алтын

София Абубакирова - 50 м еркін әдіс - алтын

Максим Сказобцов - 100 м баттерфляй - алтын

Ерлер құрамасы (Егор Попов, Арсен Қожахметов, Максим Сказобцов, Даниил Черепанов) - эстафета 4х100 аралас әдіс - алтын

Даниил Черепанов - 50 м еркін әдіс - күміс

Суға секіру, А тобы:

Диана Жұмағұлова/Анабелла Кочкина - тұғырдан қатар секіру - алтын

Азия чемпионаты 9 наурызға дейін жалғасады.

Басқа спорттық жаңалықтар