ММА

Белал Мухаммад чемпион атана сала оны Шавкатқа қарсы айқаста қорғамақ

Белал Мухаммад чемпион атана сала оны Шавкатқа қарсы айқаста қорғамақ
FightTime

UFC-дің жартылай орта салмақ рейтингінде екінші тұрған америкалық Белал Мухаммад (23-3) 2024 жылғы жоспарын жария етті.

Мухаммад маусым айында жартылай орта дивизионда UFC чемпионы Леон Эдвардспен (22-3) жекпе-жек өткізгісі келеді, Белал британиялық чемпионды жеңетініне сенімді. Чемпиондық белбеуді тартып алғаннан кейін оны алдымен қазақстандық Шавкат Рахмоновпен (18-0) жекпе-жекте қорғамақ.

"Кішкене алға кетіп айтарым: Эдвардс маусымда және титулдың алғашқы қорғауы қазанда, Рахмоновқа қарсы", - деп жазыпты Мухаммад твиттер желісінде.

Басқа спорттық жаңалықтар