Бокс

Бас бапкер қазақстандық боксшылардың лицензиялық турниге дайындығы жайлы пікір білдірді

Бас бапкер қазақстандық боксшылардың лицензиялық турниге дайындығы жайлы пікір білдірді
olympic.kz

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов ерлер командасының Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтетін лицензиялық турнирге дайындығы туралы пікір білдірді.

Қазіргі таңда ұлттық құрама Шымкентте оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Оған 80-дей боксшы қатысуда. Бусто-Арсициоға аттанатын алты боксшыдан бөлек онда ұлттық команданың өзге өкілдері мен Қазақстанның әр облысынан боксшылар да бар.

"Жігіттер жақсы дайындалды. Лицензиялық турнир алдында боксшылардың тактика-техникалық дайындығына көбірек мән бердік. Барлық жағдайды Қазақстан бокс федерациясы жасап отыр. Енді 29 ақпанда Италияға ұшамыз", - дейді Айтжанов.

Басқа спорттық жаңалықтар