ММА

Экс чемпионмен. Хамзат Чимаевтің келесі қарсыласы белгілі болды

Экс чемпионмен. Хамзат Чимаевтің келесі қарсыласы белгілі болды
Fight.ru

Тегі шешен ММА файтері Хамзат Чимаев (13-0) жақында октагонға оралады.

Чимаев келесі айқасын маусым айында Сауд Арабиясында өткізуі керек. Бастапқыда оның қарсыласы UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Исраэль Адесанья болатыны туралы ақпарат тараған, алайда олай болмайтын болды.

ММА-инсайдер мәліметінше, UFC-де Чимаев пен промоушеннің өзге экс чемпионы Шон Стрикленд арасында жекпе-жек өткізу бойынша келіссөз жүріп жатыр. Бұл кездесуді Рамазан айы өткесін, маусымда ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Басқа спорттық жаңалықтар