Қазақстандық жүзуші Азия рекордын жаңартты
Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан XI Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының көбасшысы Әділбек Мусин Азия чемпионы атанды.
100 метрге баттерфляй әдісімен сынға түскен Әділбек 52.21 секундта жүзіп, Азия рекордын жаңарты.
А тобы. Ерлер.
100 м. баттерфляй 1-орын Қазақстан - Әділбек Мусин — 52.21 сек.
2-орын – Өзбекстан - Елдор Усмонов — 53.14 сек.
3-орын – Иран - Мехршад Афгари — 53.49 сек.
А тобы. Әйелдер.
100 м. баттерфляй 1-орын – Қазақстан - Софья Сподаренко — 1:00.07
2-орын - Таиланд -Камончанок Кванмуанг — 1:00.62
3-орын – Таиланд -Напатсаван Жариткла — 1:01.55
В тобы. Ерлер.
100 м. баттерфляй 1-орын – Қазақстан - Максим Сказобцев — 52.71
2-орын – Таиланд - Сурасит Зонгдеанг — 53.76
3-орын - Гонконг - Кин Хэй Джеймс Лау — 54.81.
Сонымен қатар В тобында 50 метрге еркін әдіспен жүзуден әйелдер арасында қазақстандық София Абубакирова алтын медаль жеңіп алса, ерлер арасында Даниил Черепанов күміс жүлдегер атанды.