ММА

Хабиб UFC-дің P4P рейтингінде Махачевтің бірінші орынға шыққанына қатысты ойын айтты

Хабиб UFC-дің P4P рейтингінде Махачевтің бірінші орынға шыққанына қатысты ойын айтты
Дмитрий Голубович / Global Look Press

UFC ұйымының жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы дағыстандық Хабиб Нурмагомедов отандасы Ислам Махачевтің промоушеннің P4P рейтингінде көш бастағанына қатысты ойын айтты. 


"Мұндай бұрын болмаған, бала кезінен бір қалада, бір залда, бір бапкер тәрбиелеген екі балуан бір салмақта әлемдегі ең мықты UFC лигасында чемпион атанды. 


Сонымен қоса, екеуі де салмаққа қарамастан ең үздік файтер атанды. Оның үстіне мұнымен біткен жоқ, Ислам Махачев ары қарай да тарихты жазады", - деп жазыпты Хабиб әлеуметтік желіде. 

Басқа спорттық жаңалықтар