Футбол

Қазақстан Еуроға жолдама үшін Грекиямен ойнайтын құрамын жариялады

Қазақстан Еуроға жолдама үшін Грекиямен ойнайтын құрамын жариялады
ҚФФ

Қазақстан құрамасының наурызда өтетін матчтарға шақырылған ойыншыларының кеңейтілген тізімі жарияланды. Жалпы тізімге 33 футболшы енді.

Оқу-жаттығу жиыны 8 наурызда Дубайда басталады. Ойыншылардың нақты тізімі кейін белгілі болады.

Қазақстан құрамасы наурыз айында Грекияға қарсы ойнап, 2024 жылғы Еуропа чемпионатына жолдамасы үшін таласады.

Кеңейтілген тізім төмендегідей:

Қақпашылар: 

Игорь Шацкий, Бекхан Шайзада, Данил Устименко, Александр Заруцкий;

Қорғаушылар: 

Александр Марочкин, Ян Вороговский, Марат Быстров, Тимур Досмағамбетов, Еркін Тапалов, Роман Асранкулов, Руслан Валиуллин, Сергей Малый, Темірлан Ерланов, Бағдат Қайыров, Әділхан Таңжарықов, Нұралы Әліп, Александр Зуев, Лев Скворцов;

Жартылай қорғаушылар: 

Рамазан Оразов, Максим Самородов, Арман Кеңесов, Абзал Бейсебеков, Исламбек Қуат, Асхат Тағыберген, Самат Жарынбетов, Әділет Садыбеков, Ислам Чесноков, Бақтиер Зайнутдинов;

Шабуылшылар: 

Владислав Прокопенко, Рамазан Каримов, Эльхан Астанов, Иван Свиридов, Абат Аймбетов. Айта кетейік, осы оқу-жаттығу жиыны барысында Қазақстан құрамасы Түрікменстанмен жолдастық кездесу өткізеді. 

Басқа спорттық жаңалықтар