Баскетбол

Баскетболдан ел құрамасы Азия кубогінде Е тобында көш басына шықты

Баскетболдан ел құрамасы Азия кубогінде Е тобында көш басына шықты
Спортты дамыту дирекциясы

Бүгін баскетболдан Қазақстан ерлер құрамасы Азия Кубогының іріктеу кезеңінде түзде Қатар құрамасынан басым түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Тартысты өткен матчтың есебі: 68:73 (12:19, 25:14, 13:15, 18:25). Ұлттық құрама сапында Антон Быков (19 ұпай) ең нәтижелі ойыншы болды.

Бірнеше күн бұрын Евгений Овсянников баптайтын команда Астанада Үндістанды ұтқан болатын.

Ал енді бүгінгі жеңістің арқасында Қазақстан Иранмен бірге Е тобында көш бастады.

Басқа спорттық жаңалықтар