Теннис
17 жастағы қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте көтерілді
Ұлттық олимпиадалық комитет
18 жас және одан кішілер арасында ITF әлемдік рейтингі жаңартылып, онда 17 жастағы қазақстандық Әмір Омарханов 18-ден 12-орынға көтерілді.
Бұл жасөспірімдер арасында Қазақстан теннисі тарихында ең үздік көрсеткіш. Бұған дейін жасөспірімдерден 1997 жылы тек Ирина Селютина әлемнің 7-ракеткасы атанған болатын.
Жаңа тізімде Даниал Рахматуллаев 67-ден 65-ке көтерілсе, Виталий Зацепин – 125 (- 11), Ілияс Маратұлы – 145 (- 7), Заңғар Нұрланұлы 184-сатыға (- 3) төмендеген.
Қыздар арасында Асылжан Арыстанбекова 53-тен бірден 38-ге, Соня Жиенбаева 68-ден 45-ке жоғарыласа, Айя Нұпбай – 168 (- 5), Полина Слепцова – 212-орында (- 2) келеді.