0

Қазақстандық жүзуші Азия чемпионатында жеңімпаз атанды

Қазақстандық жүзуші Азия чемпионатында жеңімпаз атанды
Спортты дамыту дирекциясы

Бүгін Филиппин елінің Нью-Кларк-Сити қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан XI Азия чемпионатында қазақстандық Аделаида Пчелинцева 100 метрге брасс әдісімен жүзуден алтын медаль жеңіп алды.

Ол аталған қашықтықты 1:10.30 уақыт көрсеткішімен бағындырып, чемпиондық атаққа қол жеткізді.

Ал 200 метрлік еркін стиль бағдарламасында тағы бір отандасымыз Диана Тасжанова аталған қашықтықты 2:03.97 уақыт көрсеткішімен бағындырып, күміс жүлдеге қол жеткізді.

Әйелдер.

100 м брасс 1-орын – KZ - Аделаида Пчелинцева - 1:10.30

2-орын – HK - Хой Кю Лам - 1:10.83

3-орын – TH - Фианхван Павапотако - 1:11.78

Әйелдер. 200 м еркін стиль

1-орын – TH - Камончанок Кванмуанг - 2:02:43

2-орын – KZ - Диана Тасжанова - 2:03.97

3-орын – VN - Во Ци Тиен - 2:04.26

Сонымен қатар, 15-17 жасар спортшылар арасында сынға түскен Арсен Қожахметов күміс медаль иеленді.

Ұлдар. 100 м брасс 1-орын – HK - Сай Тинг Адам - 1:00.95

2-орын – KZ - Арсен Қожахметов - 1:01.59

3-орын – TH - Рачасил Махамонхол - 1:03.49

Жарысқа 45 мемлекеттен 12-18 жас аралығындағы жас спортшылар мен ересектер қатысып жатыр. Азия чемпионаты 26 ақпан мен 9 наурыз аралығында өтеді.

Басқа спорттық жаңалықтар