Кәсіби бокс

Геннадий Головкин Ұлттық олимпиадалық комитет президенттігіне тағайындалды

Геннадий Головкин Ұлттық олимпиадалық комитет президенттігіне тағайындалды
olympic.kz

Геннадий Головкин Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы болып тағайындалды.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің кезектен тыс Бас ассамблеясының отырысында белгілі болды. 

Еске салайық, бұған дейін ҰОК президенттігіне Тимур Құлыбаевтың орнына Геннадий Головкиннің кандидатурасы ұсынылған болатын.

14 ақпанда ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің Тәуелсіз сайлау комиссиясының отырысы өткені белгілі болды. Шара барысында, атап айтқанда, президенттікке кандидаттарды ұсыну нысандары қаралды. Ал қысқы спорт түрлері жөніндегі вице-министр қызметіне Асқар Маминнің кандидатурасы да ұсынылды.

Басқа спорттық жаңалықтар