Теннис

Қазақстандық теннисші ITF турнирінің жеңімпазы атанды

Қазақстандық теннисші ITF турнирінің жеңімпазы атанды
ҚТФ

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко АҚШ-тың Наплес қаласындағы ITF турнирінің жеңімпазы атанды.

Қазақстандық теннисші финалда эквадорлық Андрес Андрадемен үш сағаттай ойнады. Бірінші партияда эксвадорлық теннисші басым болды – 6:3. Алайда одан кейін Попко қарсыласын 7:6 (7:4), 6:4 есебімен ұтты. 

Осылайша, Дмитрий Попко АҚШ-тың Флорида штатында қатарынан үш жарыстың чемпионы болды.

Айта кетейік, Попко жуырда Палм-Коуст қаласындағы өтен осындай сериядағы жарыстың финалында да Андрадені (7:5, 1:6, 7:5) ұтқан еді.

Басқа спорттық жаңалықтар