Гимнастика

Қазақстандық гимнастшылар Әлем кубогінде күміс жеңіп алды

Қазақстандық гимнастшылар Әлем кубогінде күміс жеңіп алды
Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстан құрамасы Әзербайжан астанасы Бакуде өткен батуттағы гимнастикадан Әлем кубогінің кезеңінде күміс жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Спортты дамыту дирекциясы. 

Жарыста қазақстандық Данил Мусабаев пен Пирмаммад Алиев жұбы финалда 50.520 балл жинап, күміс медальға қол жеткізді. Бұл сында 51.090 ұпай еншілеген Қытай құрамасы (Фу Вэйцзянь мен Жоу Цзе жұбы) бас жүлдені қанжығасына байлады. Ал үздік үшінші орынға Америка гимнастары қол жеткізді.

Айта кетейік, Данил мен Пирмаммад былтырғы Бакудегі Әлем кубогы кезеңінде жеңімпаз атанған. Ал 2020 жылы қола медаль алған.

Басқа спорттық жаңалықтар