ММА

Қуат Хамитов қазақстандық Исмағұлов пен Вартанян жекпе-жегіне болжамын айтты

Қуат Хамитов қазақстандық Исмағұлов пен Вартанян жекпе-жегіне болжамын айтты
Instagram/kuat__khamitov

ралас жекпе-жектің қазақстандық шебері Қуат Хамитов отандасы Дамир Исмағұлов (24-3) пен ресейлік Эдуард Вартанян (25-4) арасындағы кездесуге қатысты болжамын айтты.

Бұл айқас 2 наурыз Мәскедуе өтетін "Наше дело 82" турнирінде болады. Жекпе-жек кикбоксинг ережесі бойынша өтеді.

"Қазіргі таңдағы ең дүркіреп тұрған жекпе-жек, жеңіл салмақта әлемдегі ең мықтылардың бірі саналатын файтерлер жұдырықтасады. Жекпе-жекті стиль шешеді: бірі тұрып қана, екінші қозғалып жүріп айқасады.

Кім қандай тактика таңдайтынын көру қызық болады. Бұл кездесуде Вартанянның сәл артықшылығы бар, дегенмен мен жеңіс мүмкіндігін 50 де 50 деп бағалаймын. Имағұловқа әдемі жекпе-жек көрсетіп, жеңіске лайықты екенін төрешілерге дәлелдеу үшін біраз тер төгу керек болады", - дейді Хамитов.

Басқа спорттық жаңалықтар