Кәсіби бокс

WBO шешімінен кейін Әлімханұлының дивизионы "шіріп" жатқаны айтылды

WBO шешімінен кейін Әлімханұлының дивизионы
instagram.com/janibek_alimkhanuly

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) орта салмақ рейтингін жаңартты. Жаңа тізімде британиялық Хамза Шираз (19-0, 15 КО) бірінші орынға шығып, отандасы Крис Юбенкті (33-3, 24 KO) екінші сатыға ығыстырды.

Осылайша, Шираз WBO желісі бойынша Жәнібектің міндетті қарсыласы атанды.

Бұл жағдайға Fight Club 247 арнасының Twitter-аккаунтында мынадай пікір жазылыпты:

"Хамза Шираз - WBO орта салмақ рейтингінде №1. Жәнібек Әлімханұлы - WBO және IBF тұжырымдары бойынша чемпион. Бір кездері ең ұлы дивизионды шірітіп қойды. Титулды үш жылдай қорғамағанды (Джермалл Чарло) чемпион қылып қалай қалдырып қояды - бұл сұмдық".

Басқа спорттық жаңалықтар